Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру- әрбір жануарға бірдейлендіру құралдарын пайдалану және таңбалау арқылы жеке нөмір беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізуді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді аудандар мен қалалардың Ветеринариялық станцияларының мамандары жүргізеді. Бірдейлендіруді жүргізу кезінде жануарға жеке нөмір беріледі, ал ол туралы мәліметтер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізіледі.
«Ветеринария туралы» ҚРЗ 25-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, жануарларды сою және өткізу туралы ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлауға міндетті.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабының 9-бөлігіне сәйкес, жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, жануарларды сою және өткізу туралы тиісті ветеринариялық органдарға хабарламау ескерту жасауға немесе әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.
Сондай-ақ заңнамада Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406-бабының 5-бөлігіне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етпегені үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1274465?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау