«Береке» шағынауданында жүзеге асырылып жатқан маңызды инфрақұрылымдық жобалардың барысы қаралды.
Жобаға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін шағынауданда көше-жол желісін кеңейту жұмыстары қайта басталды. Тұрғындардың өтініштері ескеріліп, «Жайлы мектепке» қолайлы қатынауды қамтамасыз ету үшін жобаға алтыншы көше енгізілді. Қазіргі таңда салынып жатқан жолдардың жалпы ұзындығы 6,1 шақырымды құрайды.
Сонымен қатар тағы екі көшені 7 метрден 14 метрге дейін кеңейту жұмыстары жалғасуда. Инфрақұрылымды дамытудағы маңызды жобалардың бірі – салынып жатқан Novotel қонақүйі мен футбол манежінің автотұрағы арасында жерасты жаяу жүргіншілер өткелін салу.
25 тамызға дейін Камшат Дөненбаева көшесінен «Da Vinci» тұрғын үй кешеніне дейінгі, яғни «Тобыл Арена» мен «Қостанай Плаза» сауда-ойын-сауық орталығы арасындағы жол учаскесінің жүру бөлігін 6 метрден 14 метрге дейін кеңейту жоспарланған.
Сондай-ақ «Береке» шағынауданындағы №57, 59, 62, 63, 67а және 67б тұрғын үйлердің бойындағы жол учаскесін 6 метрден 7 метрге дейін кеңейту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау міндеті қойылды.
Бұдан бөлек, шағынауданның барлық көшелерінде көше жарығын орнату жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.
Аталған жұмыстар «Береке» шағынауданындағы көлік және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1274537?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау