ДЕРБІСАЛЫ БАТЫР КӨШЕСІНДЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ Бүгін Ақсу-Аюлы ауылындағы Дербісалы батыр көшесінде жаңартылған балалар ойын алаңының ашылу салтанаты өтті. Бұрыннан бар ойын алаңы жаңартылып, балалардың қауіпсіз әрі жайлы ойнауына қолайлы жағдай жасалды. Аталған игі бастама ауыл тұрғындары мен, әсіресе, бүлдіршіндер үшін үлкен қуанышқа айналды. Мерекелік шара Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі Дархан Бекдарұлының құттықтау сөзімен басталды. Ауыл әкімі өз сөзінде балалар үшін қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, бүлдіршіндерге ізгі тілегін білдірді. Салтанатты сәтте ойын алаңының қызыл лентасы қиылып, жаңартылған ойын алаңының ашылуы атап өтілді. Мерекелік шараның сәнін арнайы келген аниматорлар келтіріп, бүлдіршіндермен бірге ән айтып, би билеп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара барысында балаларға балмұздақ таратылып, бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше мерекеге айналды. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы – ауылымыздың ажарын аша түсетін ең қымбат көрініс. Жаңартылған ойын алаңы Дербісалы батыр көшесінің бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлап, бала күлкісіне толы сүйікті орынға айналсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1274414?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау