Хромтау палуаны «Ақтөбе Барысы» турнирінің қола жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 тамыз күні Ақтөбе қаласында қазақ күресінен «Ақтөбе облысының Барысы» республикалық турниріне іріктеу кезеңі өтіп, облыстың әр өңірінен келген 14 палуан бозкілемде бақ сынады.

Тартысқа толы бәсекеде Хромтау ауданының намысын қорғаған Көптілеуов Нұрбек үздік үштіктен көрініп, турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды.

Айта кетейік, Хромтау ауданынан жарысқа екі палуан қатысып, екеуі де жартылай финалға дейін жетті. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Көптілеуов Нұрбек айқын басымдық танытып, қарсыласынан басым түсіп, қола жүлдені иеленді.

Палуандарды жарысқа Қазмағанбетов Исатай мен Кутжанов Кенжетай дайындады.

Хромтау ауданының абыройын асқақтатып, жүлделі орынға ие болған Көптілеуов Нұрбекті және оның жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1274648?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version