МӘС қорытындысымен келіспеген жағдайда қайда және қалай шағымдануға болады?
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу қағидаларына сәйкес, азаматтардың сараптамалық қорытындыға шағымдану құқығы бар.
Көзбе-көз куәландыру (қайта куәландыру) бойынша:
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда 3 ай ішінде шағым беруге болады.
Шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралады.
Қарау мерзімі – 20 жұмыс күні.
Сотқа жүгіну үшін алдымен әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымдану қажет.
Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) бойынша:
Шағым азаматтың тұрақты тіркелген жері бойынша аумақтық бөлімшеге беріледі.
Аумақтық бөлімше шағымды 2 жұмыс күні ішінде тіркейді.
Комитет маманы құжаттарды 2 жұмыс күні ішінде эксаумақтық МӘС бөліміне жолдайды.
Эксаумақтық МӘС бөлімі 5 жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытынды шығарады.
Есіңізде болсын!
Әрбір азамат сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда заңда белгіленген тәртіппен өз құқығын қорғауға және шешімге қайта қарау жүргізуді талап етуге құқылы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1274056?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау