Мал жолдағы қауіп көзіне айналмасын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жолға шығып кеткен мал – жол-көлік оқиғасына себеп болуы және жол қозғалысына қатысушыларға елеулі қауіп төндіруі мүмкін. Әсіресе қараңғы уақытта және көлік қозғалысы қарқынды жолдарда мұндай жағдай аса қауіпті.

Осыған байланысты полиция мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмай, олардың жайылымнан елдімекенге және автомобиль жолдарына шығып кетпеуін қатаң қадағалауды ескертеді.

Мал иелері жануарларды тиісті деңгейде күтіп-бағуды және жаюды қамтамасыз етіп, олардың жолға шығып кетуіне жол бермейтін қажетті шараларды қабылдауы қажет. Жол бойында қараусыз жүрген малды байқаған жағдайда да барынша сақтық танытып, жол-көлік оқиғасының алдын алуға мән берген жөн.

Жол қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік. Жүргізушілердің қырағылығы мен мал иелерінің жауапкершілігі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/1274348?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version