Маңғыстау облысының командасы Қостанай облысында өтіп жатқан жас жол инспекторларының 21-ші слетіне қатысуда.
Слет барысында жас инспекторлар өз өңірінің намысын қорғап, жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін, жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын және командалық шеберліктерін көрсетеді.
Іс-шара аясында қатысушылар түрлі байқаулар мен командалық сынақтарға қатысып, жаңа білім алып, Қазақстанның өңірлері мен ТМД елдерінен келген өз қатарластарымен тәжірибе алмасады.
Маңғыстау облысының командасына сәттілік, жарқын әсерлер және жоғары нәтиже тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DcA3fRGNwIE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1274434?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау