Маңғыстау полициясы ескертеді: жолаушылардың қауіпсіздігі — ортақ жауапкершілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушыларға көлік құралы қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.

Атап айтқанда, қозғалыс кезінде көліктің терезесінен немесе люгінен дене мүшелерін шығаруға, сондай-ақ көлік қозғалысы кезінде есіктерді ашуға жол берілмейді.

Аталған талаптар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабында көзделген. Белгіленген талаптарды сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Полиция қызметкерлері азаматтарды жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, өз өмірі мен жолаушылардың өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.

https://www.instagram.com/reel/Db-r8GrsC-q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1274408?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version