Ертең, 2026 жылғы 14 тамыз күні сағат 07:00-ден бастап, Орал қаласында теміржол өткеліндегі жол төсемінің профилін қалпына келтіру және жол жамылғысын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстары Черекаев және Жымпиты көшелерінің қиылысындағы (2-база ауданы) теміржол өткелінде жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарына байланысты 14 тамыз күні аталған учаскеде көлік қозғалысы бір күнге толықтай жабылады.
Осыған байланысты аталған учаске арқылы жүретін қоғамдық көлік маршруттарының, атап айтқанда №33, №39, №43 және №52 маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі.
№33, №43, №52 және басқа да маршруттар уақытша Абай даңғылы – Гагарин көшесі – Айталиев көшесі – Жамбыл көшесі бағыты бойынша, әрі қарай бекітілген қозғалыс сызбаларына сәйкес қатынайды.
№39 маршрут уақытша Абай даңғылы – Гагарин көшесі – Айталиев көшесі – Жамбыл көшесі – Алматы көшесі – Казталовская көшесі бағыты бойынша, әрі қарай бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді.
№39 маршруттың кері бағыттағы қозғалысы: Жымпиты көшесі – Алматы көшесі – Жамбыл көшесі – Айталиев көшесі – Гагарин көшесі – Абай даңғылы, әрі қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша жүзеге асырылады.
Жол жөндеу жұмыстары аяқталып, аталған учаскеде қозғалыс қалпына келтірілгеннен кейін қоғамдық көлік маршруттары бекітілген қозғалыс сызбалары бойынша қатынайтын болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1274221?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау