Өндірістік жарақаттардың алдын алу кәсіби қабілеттігін жоғалту;негіздер белгілеу және қайта тексеру тәртібі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Өндірістік жарақаттардың алдын алу кәсіби қабілеттігін жоғалту;негіздер белгілеу және қайта тексеру тәртібі.
Өндірістік жарақаттардың және/немесе кәсіптік аурулардың салдарлары кезінде кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі (КЕҚА) ағза функцияларының бұзылу айқындылығы мен еңбекке қабілеттіліктің шектелу дәрежесіне сәйкес келетін мөлшерлер шегінде белгіленеді.
Егер өндірістік жарақаттардың және/немесе кәсіптік аурулардың салдарлары ағза функцияларының бұзылу сипаты бойынша әртүрлі болса, КЕҚА дәрежесі ең ауыр, яғни айқын бұзылысқа сәйкес анықталады.
Егер өндірістік жарақат және/немесе кәсіптік ауру зардап шеккен жұмыскерде бұрыннан болған кәсіптік аурудың (аурулардың) немесе өндірістік жарақаттың (жарақаттардың) ағымын нашарлатқан болса, КЕҚА дәрежесі әрбір жағдай бойынша жеке пайызбен белгіленеді.
Кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі туралы анықтаманың артқы бетінде бұрын мерзімсіз белгіленген немесе қайта куәландыру мерзімі әлі аяқталмаған КЕҚА дәрежесі (дәрежелері) көрсетіледі.
Бұл ретте КЕҚА пайызы бұрыннан бар ағза функцияларының бұзылу дәрежесі мен еңбекке қабілеттіліктің шектелу деңгейіне қарай белгіленеді және КЕҚА пайыздарының жиынтық мөлшері ағза функцияларының бұзылуы мен еңбекке қабілеттіліктің шектелу дәрежесіне сәйкес келетін шектерде айқындалады.
1. Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 937-бабына сәйкес кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген мерзімге медициналық ұйымдардың ұсынымдары негізінде куәландырылатын адамның мынадай қажеттіліктерін айқындайды:
2. кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлеміне кірмейтін қосымша медициналық көмекке, оның ішінде қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға;
3. зардап шеккен жұмыскерге бөгде адамның (арнайы медициналық және тұрмыстық) күтіміне, оның ішінде оның отбасы мүшелері жүзеге асыратын күтімге;
4. санаторий-курорттық емделуге, оның ішінде санаторий-курорттық емделудің бүкіл кезеңіне берілетін еңбек демалысына ақы төлеуге және зардап шеккен жұмыскердің емделу орнына барып-қайту жолақысын төлеуге, ал қажет болған жағдайда оны алып жүретін адамның санаторий-курорттық емделу орнына барып-қайту жолақысын төлеуге;
5. зардап шеккен жұмыскерге еңбек қызметі мен тұрмыста қажет техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарға;
6. Қағидалардың 25-қосымшасына сәйкес еңбек жарақатының және/немесе кәсіптік аурудың салдарынан мүгедектігі бар адамдарды арнайы автокөлікпен қамтамасыз етуге арналған медициналық көрсетілімдер тізбесі негізінде арнайы автокөлікпен қамтамасыз етуге;
7. кәсіптік оқытуға (қайта даярлауға);
8. қажет болған жағдайда арнайы жұмыс орнын құра отырып, жұмысқа орналастыруға.
14-параграф. Мүгедектік мерзімін және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін есепке алу және бұрын белгіленген мүгедектік мерзімі мен (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін қайта куәландыру тәртібі
1. Мүгедектігі бар адамдар және еңбекке қабілеттілігінен айырылған адамдар Қағидалардың 30, 33 және 35-тармақтарына сәйкес белгіленген мүгедектік мерзімдері мен еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесінің мерзімдерін сақтай отырып, қайта куәландырудан өтеді.
2. Егер куәландырылатын адамның құжаттары «ЦВДИ» АЖ-ға келіп түспесе немесе куәландырылатын адам белгіленген мерзімде МӘС бөліміне келмесе және қайта куәландыру кезінде оған қайтадан мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленсе, өткізіп алған кезеңнің мерзімі мынадай тәртіппен есепке алынады:
3. бір айға дейін – егер қайта куәландыру мерзімі бұрын белгіленген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге өткізіліп алынса;
4. үш жылға дейін – егер кезекті қайта куәландыру мерзімі дәлелді себеппен (ұзақ уақыт бойы үздіксіз стационарлық емдеуде болуына байланысты қайта куәландыруға келе алмау) өткізіліп алынса;
5. бір жылға дейін – егер кезекті қайта куәландыру мерзімі адамның әрекетке қабілетсіз деп танылуы және оған қорғаншы тағайындау рәсімдерінің жүргізілуіне байланысты өткізіліп алынса.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1274064?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version