Павлодарда құмды заңсыз өндіру фактісі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Павлодар облысында қоршаған ортаны қорғау, абаттандыру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

     Рейдтік іс-шаралар барысында Павлодар қаласындағы бау-бақша серіктестіктерінің бірінде жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Атап айтқанда, тиісті рұқсатсыз құм өндірілген.

– Құқық бұзушылық бойынша тиісті материалдар жинақталып, қарау және құзыреті шегінде шешім қабылдау үшін Павлодар облысының экология департаментіне жолданды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.

     Полиция қызметкерлері табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін екенін еске салады. Осыған байланысты экологиялық заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

     Мұндай жұмыстар өңірдегі тазалық пен тәртіпті сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1274229?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version