Өңірдегі Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Бұйратау ұлттық паркі туристерді тартатын негізгі нысандарға айналмақ. Инвесторларға ашылатын мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен кездесуде талқыланды.
Бизнес өкілдері үшін ұлттық парктің төрт функционалдық аймағының екеуі — рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтары айрықша қызығушылық тудырады.
Рекреациялық аймақта кәсіпкерлер туристік маршруттар әзірлеп, жаяу, атпен және аралас бағыттағы соқпақтар ұйымдастыра алады. Жер учаскелері бес жылға дейінгі мерзімге уақытша нысандарды — шатырлы лагерьлер, глэмпингтер, кемпингтер және өзге де күрделі құрылыс нысанына жатпайтын нысандарды орналастыру үшін беріледі.
— Рекреациялық аймақта туристік маршруттар әзірлеп, жаяу, атпен және аралас бағыттағы соқпақтар ұйымдастыруға болады. Жер учаскелері шатырлы лагерьлер, глэмпингтер, кемпингтер және басқа да уақытша нысандарды орналастыру үшін бес жыл мерзімге беріледі, — дейді Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Руслан Төлепбаев.
Ал ауқымды жобаларды шектеулі шаруашылық қызмет аймағында жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Мұнда жер учаскелері 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Сонымен қатар кәсіпкерлерге экологиялық қонақүйлер, демалыс орындары және басқа да туристік нысандар салуға рұқсат етіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik/press/news/details/1274544?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау