Павлодардағы Telegram-парақшалардың бірінде BMW X7 автокөлігін басқарған жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны түсірілген бейнежазба тарады. Оқиға Академик Сәтбаев көшесінде болған. Автокөлік тізгінінде отырған әйел қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған.
– Жүргізушінің жеке басы анықталды. Қауіпсіздік белдігін пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері осындай жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 6790 автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД.
Полиция қауіпсіздік талаптарын сақтау қарапайым әрекеттерден басталатынын атап өтті. Жолға шығар алдында жүргізуші мен барлық жолаушылардың қауіпсіздік белдігін таққанына көз жеткізу қажет.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға жауапкершілікпен қарауға және тіпті болмашы тәртіп бұзушылықтың өзі ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін есте сақтауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1274237?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау