Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 187-бабын қарапайым тілмен түсіндірсек:
Егер адам I топтағы мүгедектігі бар адамға тұрақты күтім жасаса, мемлекет оған күтім жасау бойынша арнаулы жәрдемақы тағайындайды.
Күтім жасайтын адамның міндетті түрде туысы болуы шарт емес. Ол ұлы, қызы, жұбайы, ағасы, інісі, әпкесі, сіңлісі немесе іс жүзінде күтім жасайтын кез келген басқа адам болуы мүмкін.
Егер отбасында I топтағы мүгедектігі бар екі немесе одан да көп адам болса, заңнама талаптары сақталған жағдайда олардың әрқайсысына күтім жасағаны үшін жәрдемақы бөлек тағайындалады.
Егер I топтағы мүгедектігі бар бір адамға бірнеше адам күтім жасаса, жәрдемақы күтім жасайтын адамдардың біреуіне ғана тағайындалады.
Мысалы:
Анасының I топтағы мүгедектігі бар. Оған қызы күнделікті күтім жасайды. Мұндай жағдайда қызы күтім жасайтын адам ретінде мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы.
Ал егер анасына қызы мен ұлы кезектесіп күтім жасаса, жәрдемақы олардың біреуіне ғана тағайындалады.
Жәрдемақы мөлшері
2026 жылғы жағдай бойынша I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері айына 81 871 теңгені құрайды.
Жәрдемақы:
ай сайын төленеді;
күтім жасайтын бір адамға ғана тағайындалады;
I топтағы мүгедектігі бар адамға іс жүзінде күтім жасалған кезең үшін төленеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1274243?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау