Құрметті Екібастұз қаласының спортшылары, жаттықтырушылары мен спорт сүйер қауымы!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Спорт – тек тән сұлулығы мен денсаулық кепілі емес, бұл  мұқалмас қажыр-қайраттың, биік рух пен жасампаздықтың символы. Бүгінде кеншілер шаһары Екібастұздың атын дүбірлі додаларда, республикалық және халықаралық ареналарда асқақтатып жүрген спортшыларымыз – біздің ортақ мақтанышымыз.

Шәкірттерін жеңіске жетелеп, бойына отансүйгіштік қасиетті сіңірген ардагерлеріміз бен жаттықтырушылар қауымына өз ісіне деген адалдығы мен қажымас еңбегі үшін шексіз алғысымды білдіремін.

Сіздерге сарқылмас күш-жігер, мұқалмас қанат және алдағы уақытта тек биік тұғырлардан көрінуді тілеймін! Еңбектеріңіз еленіп, еліміздің көк туы көкте желбірей берсін! Жарқын жеңістер серіктеріңіз болсын!

 

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1274306?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version