Қылмыстық-атқару мекемелеріндегі оқу процесін ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 13 тамызында қылмыстық-атқару мекемелерінде оқу процесін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, оның алдағы кезеңдегі тиімді жұмыс істеу нысанын айқындау және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын толық сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ұйымдастырды. Іс-шараға аумақтық департаменттердің, білім басқармаларының өкілдері, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдерінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары қатысты.

Жұмыс кездесуі барысында қылмыстық-атқару мекемелеріндегі білім беру процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланып, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған ұсыныстар қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша өңірлерге жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының толық әрі сапалы дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру процесін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/1274566?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version