️Шығыс Қазақстанда облыс әкімінің жүлдесіне арналған 2026 жылғы Халық спорты ойындарының қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде бірінші орынды Өскемен қаласының, екінші орынды Глубокое ауданының, ал үшінші орынды Күршім ауданының командасы иеленді.
Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында өтті. Қатысушыларды ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтады:
Халық спорты ойындарын сапалы ұйымдастырып, өткізгені үшін Катонқарағай және Ұлан аудандарының әкімдері Данияр Дүйсембаев пен Арман Бекбосынов марапатталды. Дәл осы күні сала ардагерлері, ірі спорттық додаларға қатысып жүрген жаттықтырушылар мен спортшылар да марапатталды. Атап айтқанда, КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанәділ Атаев пен Қазақ КСР спорт шебері, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Речицкий ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Фаина Мейірманова жеңіл атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағына ұсынылды. Халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға да құрмет көрсетілді. Грек-рим күресінен спорт шебері, жастар арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері әрі Азия чемпионы Темірлан Тұрдақынға ақшалай сертификат табысталды. Осындай сертификат оның жеке жаттықтырушысы Данияр Әбіловке де берілді. ️Биыл ел тарихында алғаш рет командалық семсерлесуден әлем чемпионы атанған шығысқазақстандық семсерлесу мектебінің өкілдері Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов пәтер сертификаттарына ие болды. Ал чемпиондардың жаттықтырушылары Сергей Шабалинге, Ксения Вендерскихке және Данияр Әбіловке спортшыларды дайындағаны үшін ақшалай сертификаттар берілді. Спорт саласын қолдауға және дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазцинк» компаниясының әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев, Марат Мұзапаров, Сымбат Дүйсенғазин, Ришат Ахметов және ШҚО Семсерлесу федерациясының президенті Игорь Грязнов марапатталды. Мерекелік іс-шара өңірдің шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен өткен концертпен жалғасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1274623?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау