Мемлекеттік қызметшінің әдебі— оның мемлекетпен, әріптестерімен және қоғаммен қарым-қатынасын реттейтін моральдық талаптар, нормалар мен қағидалар жүйесі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, адалдық ахуалын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепке сай емес мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауға қажетті адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік қызметтің беделін нығайтады, азаматтардың сенімін арттырады және мемлекеттік органдардың абыройын сақтауға мүмкіндік береді.
“Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы” ММ-де қызметшілер арасында моральдық-әдептік құндылықтарды нығайтуға, мінез-құлық мәдениетінің деңгейін арттыруға және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-gask/press/news/details/1274442?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау