«Заңды үйрен, әділдікті ұстан»: Қарақұдық кітапханасында жастардың құқықтық сауаттылығы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақұдық ауылдық кітапханасында өскелең ұрпақпен «Заңды үйрен, әділдікті ұстан» тақырыбында әңгімелесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге және әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Шара барысында қатысушылар мен кітапханашы өзара сұрақ-жауап алмасып, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларды заң тұрғысынан талқылады. Жас буын өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, құқықтық білімдерін толықтырды.

Мұндай шаралар балалардың саналы азамат болып қалыптасуына және құқықбұзушылықтың алдын алуға үлкен септігін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1274592?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version