«Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық жастар күніне орай Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық кітапханамен бірлесіп, жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған іс-шара «Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында өтіп, оған ауданның белсенді жастары, жастар ұйымдарының өкілдері және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – жастардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыру, олардың бойында отансүйгіштік қасиетті, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, білім мен еңбекке деген ынтасын арттыру және жас буынның қоғам дамуындағы рөлін айқындау.

Іс-шара барысында жастардың ел дамуына қосар үлесі, олардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуының маңызы кеңінен сөз болды. Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына жастардың жаңашыл идеялары мен бастамаларының тигізер ықпалы ерекше екені атап өтілді.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Олардың білімге ұмтылысы, еңбекқорлығы, ізденісі мен белсенділігі елдің болашағын айқындайтын маңызды факторлардың бірі. Осы орайда кездесуге қатысушыларға өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, сапалы білім алуға, кәсіби тұрғыдан дамуға, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуға және ел игілігі жолында еңбек етуге бағыт-бағдар берілді.

Кездесу барысында жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оларды толғандырған мәселелер ортаға салынды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғам өміріне белсенді араласу, білім алу, еңбек ету, туған жердің дамуына үлес қосу және азаматтық жауапкершілік туралы ойларын ортаға бөлісті.

Сонымен қатар жастар үшін өзекті мәселелер, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және қоғамдық қабілеттерін дамыту, жаңа бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері жөнінде пікірлер айтылды.

Еркін форматта өткен кездесуде жастар өз ойларын ашық жеткізіп, көкейде жүрген сауалдарына жауап алып, өзара тәжірибе алмасты. Мұндай кездесулер жас буынның азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың қоғамдағы өз орнын айқындауына, жаңа бастамаларға серпін алуына мүмкіндік береді.

Жастар күніне арналған басқосу қатысушыларға рухани серпін беріп, ел болашағына деген сенімін нығайтты. Жастардың білімді, білікті, отансүйгіш әрі белсенді азамат болып қалыптасуы – мемлекет дамуының маңызды кепілі.

«Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбындағы кездесу жас ұрпақтың ел дамуына үлес қосуға деген ынтасын арттырып, олардың азаматтық жауапкершілігін күшейтуге бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

Бүгінгі жалынды жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Сондықтан жастардың әлеуетін қолдау, олардың бастамаларына жол ашу және қоғамдық белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1274217?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version