13 тамызда аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл О. Бочарникова мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мамандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген жаңалықтар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен Әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1274266?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау