12 тамыз – Жастар күніне орай Қызылорда қаласында жастарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуі, қоғамдық тәртіп пен тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 200-ден астам полиция қызметкері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері концерт өтетін аумақта қоғамдық тәртіпті бақылап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, ата-аналарынан адасып қалған балаларды жедел анықтап, заңды өкілдеріне табыстау бойынша жұмыстар жүргізілді. Полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде мерекелік кеш тыныш әрі қауіпсіз өтіп, қала тұрғындары мен қонақтары Жастар күнін көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті. Қызылорда облысы Полиция департаменті қаламыздағы әрбір ауқымды шарада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әрдайым қызметте!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1274046?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау