“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдалану дерегін анықтады.
Тәртіп бұзушы Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Toyota Camry автокөлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін орнатып, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолы бойымен жүрген.
Құқық бұзушылық бейнебақылау камералары арқылы тіркелді. Заманауи бақылау жүйелерінің көмегімен полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын жедел анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Айта кету керек, жыл басынан бері полиция қызметкерлері көлік құралдарына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін орнатудың 23 дерегін анықтады.
Полиция азаматтарға заң талаптарын сақтаудың маңызын ескертеді. Құқық бұзушылықты жасыру немесе жауапкершіліктен жалтару әрекеті нәтиже бермейді. Бейнебақылау камералары тәулік бойы жұмыс істейді, ал заң жол қозғалысына қатысушылардың барлығына бірдей.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1274095?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау