Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 тамыз – қазақтың көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай Астана тұрғындары композитордың шығармашылық мұрасына арналған ауқымды музыкалық челленджге қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Музыкалық эстафетаны мәдениет, білім және жастар саласының өкілдері, шығармашылық ұжымдар, балалар, зиялы қауым өкілдері, елорданың белсенді тұрғындары мен аға буын өкілдері қолдады.

Челленджге қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтың көпшілікке танымал әндерін шырқап, бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жариялап, музыкалық эстафетаны бір-біріне жолдап жатыр.

Музыкалық челлендж әр буын мен түрлі сала өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, композитордың тыңдарман жүрегінен орын алған әндері мен әуендеріне қайта назар аударуға мүмкіндік берді.

Музыкалық эстафета жалғасып жатыр. Оған кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Шәмші Қалдаяқовтың сүйікті шығармасын орындап, бейнежазбасын әлеуметтік желіде жариялап, эстафетаны достарына, әріптестеріне және жақындарына жолдау жеткілікті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1274697?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version