Бүгін, 15 тамызда қазақтың көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай елорданың мәдениет қайраткерлері шығармашылығына арналған музыкалық челлендж бастады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтың танымал шығармаларын орындап, әлеуметтік желілерде бейнероликтер жариялап, музыкалық эстафетаны бір-біріне жолдап жатыр.
Челлендж композитордың шығармашылық мұрасы арқылы әр буын өкілін тоғыстырады. Оның туындылары бүгінде қазақтың музыкалық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1274666?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау