Астана қаласында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2026» республикалық турнирі өтті. Биылғы бәсекеде Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы өңір тарихында алғаш рет «Қазақстан Барысы» атанды.
Финалдық белдесуде «Лабақ батыр» лақап атымен өнер көрсеткен Жантілек Нұртілепұлы Жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбайдан басым түсіп, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды.
Балуан жарыс барысында шеберлігін, күш-жігері мен төзімділігін көрсетіп, жеңіске деген жігерінің мықты екенін дәлелдеді.
Бұл – Маңғыстау облысы үшін «Қазақстан Барысы» турниріндегі алғашқы тарихи жеңіс. Жантілек Нұртілепұлының жетістігі – өңірдегі қазақ күресінің дамуына серпін беретін айтулы нәтиже.
Жантілек Нұртілепұлын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Сонымен қатар спортшының кәсіби шеберлігін шыңдап, жеңіске жету жолында зор еңбек сіңірген жаттықтырушылары – жеке бапкері Қайрат Иманғазиев пен аға жаттықтырушы Мейрамбек Жанабайдың еңбегі мен кәсібилігін ерекше атап өтеміз. Жаттықтырушылардың жүйелі дайындығы мен қажырлы еңбегі Жантілектің тарихи жеңіске жетуіне айрықша үлес қосты.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1274718?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау