Қазақстанда Қожанасыр туралы халықаралық фильмнің түсірілімі аяқталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда «Молла Насреддин: Друг тяжелых дней» халықаралық тарихи көркем фильмінің түсірілім жұмыстарының соңғы кезеңі басталды. Жоба түркі әлемінің алты елінің киногерлерін біріктіріп отыр.

Бұған дейін түсірілім тобы Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанда жұмыс істеді. Фильмнің соңғы көріністері Алматы облысында, Алматы және Түркістан қалаларында, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында түсіріледі.

Жоба 2023 жылы Шуша қаласында өткен ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің 40-отырысында бастау алған.

«Молла Насреддин: Друг тяжелых дней» – түркі елдерінің шығармашылық ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылып жатқан толықметражды көркем фильм. Туынды әйгілі фольклорлық кейіпкердің бейнесі арқылы түркі халықтарына ортақ мәдени құндылықтарды, дәстүрлер мен дүниетанымды танытады. Фильмде қазақ, әзербайжан, түрік, қырғыз, түрікмен және өзбек тілдері қолданылады.

Фильмнің сценарий авторы әрі қоюшы режиссері – Әзербайжанның халық әртісі Вагиф Мұстафаев. Басты кейіпкер Қожанасырдың рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сағызбай Қарабалин сомдайды. Сондай-ақ фильмге Қонысбек Бекайдаров, Оңдасын Бесікбасов және Ақерке Арыс түседі.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1274672?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version