Рияд, 2026 жылғы 13 тамыз – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Miahona» компаниясының Бас атқарушы директоры Ауад Әл-Отайбимен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ компанияның Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
М.Меңілбеков Қазақстанның жетекші саудиялық компаниялармен өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ олардың сараптамасы мен инвестицияларын инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға тартуға мүдделі екенін атап өтті.
Өз кезегінде, компания Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, су инфрақұрылымы саласында бірлескен жобаларды іске асыру әлеуетін атап өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын пысықтауға келісті.
«Miahona» – сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын дамытуға, инвестициялауға және пайдалануға маманданған саудтық компания. «Miahona» су өндіру және тарату, сондай-ақ ағынды суларды жинау және тазарту салаларында жобаларды іске асырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1274733?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау