Түркістанда терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабының отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ғимаратында Департамент бастығы ұ.қ. генерал-майоры Б.А. Қалмырзаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабының кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа күн тәртібіне сәйкес жедел штаб мүшелері және командалық-штабтық оқу жаттығу нәтижесімен төмен нәтиже көрсеткен Жетісай аудандық жедел штабының басшыларын тыңдау үшін қатыстырылды.
Жиын барысында, облыстық әкімдік және Полиция департаменті тарапынан жедел штабтың материалдық-техникалық жарақтандырылуының жай-күйі жөнінде баяндамалар жасалды.
Сонымен бірге, терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жетісай аудандық жедел штаб басшысы мен орынбасары тыңдалды.
Жедел штаб мүшелеріне алдағы уақытта анықталған кемшіліктер қайталанған жағдайда тиісті шара қарастырылатындығы туралы ескертілді.
Отырыс қорытындысы бойынша, облыстық жедел штабтың, оның ішінде «Арлан» арнайы мақсаттағы және жылдам қимылдайтын арнайы бөліністерінің материалдық-техникалық жарақтандырылу мәселелерін шешу жолдары қаралып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
 
  
Материал терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1274737?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version