Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» КММ аумағында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрт құрғақ шөпті, ағаштар мен орман төсенішін шарпыған.
Өртті сөндіру жұмыстары жел бағытының өзгеруі, тік беткейлер, ауа температурасының жоғары болуы және кірме жолдардың болмауына байланысты қиындауда.
Күштер мен құралдарды жедел басқару үшін оқиға орнында штаб құрылды. Штабта облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жұмыс істеуде. Штаб барлық жұмылдырылған қызметтердің іс-қимылын үйлестіріп, жерүсті және авиациялық топтардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді және өртті одан әрі сөндіру бойынша шешімдер қабылдайды.
Өртті сөндіруге ТЖМ, ҚР ЭТРМ «Қазавиаорманқорғау», ҰҚКД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы 220-ға жуық адам, 43 бірлік техника, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» қызметінің, ШҚО әкімдігінің авиациялық бөлімшесінің және ҰҚКД-ның 5 тікұшағы жұмыс істеуде.
Қол жетуі қиын учаскелерде ТЖМ тікұшақтары, облыс әкімдігінің авиациясы және ҰҚКД су төгетін құрылғылармен жабдықталған тікұшақтары жұмылдырылған. Қазіргі уақытта 100 рет су төгілді, барлығы 288 тонна су қолданылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1274690?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау