АДАЛ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ
Мемлекеттік қызмет – халық сеніміне негізделген үлкен жауапкершілік. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінде адалдық, әділдік, әдептілік және парасаттылық қағидаттарын берік ұстануы тиіс.
Мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеу.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланбау, ашықтық пен жауапкершілікті қамтамасыз ету бағытында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Әрбір қабылданған шешім мен атқарылған іс халықтың мемлекеттік қызметке деген сеніміне әсер етеді. Сондықтан адал қызмет ету – тек кәсіби міндет қана емес, ел алдындағы абыройлы борыш.
Әдептілік – мемлекеттік қызметшінің абыройы,
адалдық пен парасаттылық – халық сенімінің негізі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1275068?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау