Астанада қайыршылықтың алдын алу бойынша рейд жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астананың Сарайшық ауданында қоғамдық орындарда қайыршылық жасаудың алдын алуға бағытталған рейд өтті. Шара барысында полиция және әлеуметтік сала мамандары қайыр сұраған азаматтарға түсіндіру жүргізіп, көмекке мұқтаж жандарды анықтады, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Рейдке Полиция басқармасының қызметкерлері, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері қатысты.

«Сарайшық ауданы аумағында қайыр сұрау жағдайының алдын алу мақсатында бүгін Хазірет Сұлтан мешіті аумағында рейд ұйымдастырып отырмыз. Іс-шара барысында қайыр сұраумен айналысатын азаматтарға профилактикалық түсіндіру жүргізіліп, олардың қоғамдық орындарда жүру жағдайлары анықталады.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша тиісті шаралар қабылданып, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға қажетті қолдау көрсетіледі.

Бұған қоса мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан жұмысқа орналасу және оқыту мәселелері бойынша консультациялар беріліп, жадынамалар мен ақпараттық буклеттер таратылады», – дейді Сарайшық ауданы әкімдігі Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Гүлнұр Қарашева.

Ал қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге тосқауыл қойылады.
«Жұма күні Хазірет Сұлтан мешіті аумағындағы келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шара өткізілуде. Іс-шара барысында мешітке келушілерге кедергі тудыратын, қайыр сұрайтын азаматтарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жайттарын болдырмау жағын қарастырамыз. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабында көзделген.

Бірінші рет оларға ескерту жарияланады, екінші рет қайталанса, айыппұл салынады. Тіпті қамауға алу шарасы да қабылдануы мүмкін. Сонымен қоса, мешіт аумағында басқа ел азаматтарының балалары қайыр тілеп жүретін жайттар да кездеседі. Оларды анықтап, көші-қон бөліміне жеткіземіз. Аталған бөлім заң шеңберінде шара қолдана алады», – деді Сарайшық ауданы Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Дипломбек Балташев.

Айта кетейік, қоғамдық тәртіпті сақтау, қайыршылықтың алдын алу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы іс-шаралар елорда бойынша тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1275448?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version