Атбасар ауданындағы егін жинау науқаны: басты назарда – диқан еңбегі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атбасар ауданының әкімі Қ. Әлімжанов ауданның ауылдық округтеріндегі егіс алқаптарын аралап, егін жинау науқанының барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі ауыл шаруашылығы құрылымдары мен астық қабылдау орындарын аралап, шаруа қожалықтарының басшыларымен, механизаторлармен, тракторшылармен, агрономдармен және егіс алқаптарында тікелей еңбек етіп жүрген басқа да жұмысшылармен кездесті. Егін жинау барысын көріп, аграршылармен қазіргі жағдайды, жұмыс қарқынын және науқанды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Егін жинау науқанының қарқынына, ауыл шаруашылығы техникаларының техникалық дайындығына, механизаторлардың үздіксіз жұмыс істеуіне, жиналған астықты уақтылы тасымалдау мен өңдеуге ерекше назар аударылды. Жұмыс сапары барысында Қ. Әлімжанов егін жинау науқанының озаты, Сепе ауылының тұрғыны, «2012» ЖШС қызметкері Марат Қиянбековке озық жұмысшының туын табыстап, оның адал еңбегін, кәсіби шеберлігін және науқандық жұмыстарды жүргізуге қосқан үлесін атап өтті. Еңбек ардагері Виктор Шенбергке де ерекше алғыс білдірілді. 71 жасқа келгеніне қарамастан, ол әлі де еңбек етіп, ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Қ. Әлімжанов ардагерге көп жылғы адал еңбегі, мол кәсіби тәжірибесі және өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ «Самарский-1» ЖШС-нің, Ақана Құрманов ауылының агрономы Айжан Сарсенбайды марапаттау рәсімі өтті. Кәсіби біліктілігі, жұмысына жауапкершілікпен қарағаны және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы табысталды. Атбасар ауданында егін жинау науқаны жалғасуда. Аграрлық саланың барлық еңбеккерлері әрбір қолайлы күнді барынша тиімді пайдаланып, егін жинау жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауға күш салып, қарқынды жұмыс істеуде.

 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar/press/news/details/1275452?lang=ru

Exit mobile version