Ауданымызда білім беру ұйымдарында бірыңғай қауіпсіздік жүйесін енгізу және нығайту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өтті.
Жиын барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылды арттыру, ықтимал тәуекелдердің алдын алу, қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау және білім алушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру шаралары жан-жақты талқыланды.
Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік — бұл бекітілген талаптар мен алгоритмдерді орындау ғана емес, сонымен бірге барлық жауапты құрылымдардың үйлесімді жұмысы мен алдын алу шараларының біртұтас жүйесі.
Аудан әкімдігі тарапынан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бұл жұмыстар тұрақты бақылауда ұсталатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1275227?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау