2026 жылдың қараша айында Ақмола облысында «ЖИ қолдану арқылы үздік цифрлық білім беру контенті» байқауының өңірлік кезеңі өтеді. Байқауға өңір мектептерінің педагогтері қатысады.
Байқауға қатысушылар өздерінің авторлық әзірлемелерін келесі бағыттар бойынша ұсына алады:
– бастауыш мектеп пәндері;
– жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері;
– гуманитарлық цикл пәндері;
– эстетикалық және технологиялық бағыттағы пәндер.
Байқау тәжірибе алмасу, тиімді білім беру тәжірибелерін таныстыру және педагог жұмысында жасанды интеллектіні қолданудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу алаңына айналады.
Айта кетейік, аталған байқау 2023 жылдан бері өткізіліп келеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтерді цифрлық технологиялар мен инновациялық тәсілдерді білім беру үдерісіне белсенді енгізуге ынталандыру, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, заманауи цифрлық контент әзірлеу дағдыларын дамыту.
Байқаудың барлық қатысушыларына шығармашылық табыс пен жеңіс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1275263?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау