Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы ірі сауда орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қызметкерлерге электр желілері мен құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялық жолдар мен шығу есіктерін бөгемеу, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, өрт сөндіргіштерді дұрыс пайдалану тәртібі көрсетіліп, өрт болған жағдайда алғашқы әрекеттер бойынша практикалық нұсқаулық берілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау