Қызылша, қызамық және паротитке (ҚҚП) қарсы вакцина мен аутизм арасындағы ықтимал байланыс 20 жылдан астам уақыт бойы зерттеліп келеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңартылған шолуы көрсеткендей, ірі зерттеулер мен мета-талдаулар ҚҚП вакцинациясынан кейін аутизм қаупінің жоғарылағанын анықтаған жоқ.
Данияда жүргізілген ең ірі зерттеулердің біріне 657 461 бала қатысты. Олардың арасында аутизм спектрінің бұзылысы (АСБ) бойынша 6 517 жағдай тіркелген. Вакцинациядан кейін аутизм қаупінің жоғарылағаны анықталмады.
Аутизмнің бастапқы қаупі жоғары, яғни бауырында немесе әпке-інісінде/қарындасында АСБ бар балаларда да вакцинациядан кейін әртүрлі кезеңдерде, сондай-ақ вакцинаның бір немесе бірнеше дозасын алғаннан кейін ҚҚП вакцинасы мен аутизм арасында байланыс анықталмады.
АҚШ-та 95 727 бала қатысқан зерттеуде де ҚҚП вакцинациясынан кейін АСБ қаупінің жоғарылағаны анықталған жоқ. Бұл нәтиже аутизмі бар аға-әпкесі бар балалар арасында да өзгермеді.
Шамамен 1,3 миллион баланы қамтыған бес когорттық зерттеудің мета-талдауы да ҚҚП вакцинасы мен АСБ арасында байланыс жоқ екенін анықтады.
Қорытынды: ірі әрі сапалы ғылыми зерттеулер ҚҚП вакцинасы аутизмді тудырады деген тұжырымды растамайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1275117?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау