Кеген ауылында Таңатар бабаның ұрпақтарының демеушілігімен ел игілігіне берілген жаңа саябақтың жай-күйімен аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, аудан әкімінің орынбасарлары Медет Шайытқанұлы мен Мұхтар Батырханұлы, Кеген ауылдық округінің әкімі Ернат Сембекұлы танысты. Аудан басшылығы саябақта жүргізілген абаттандыру және көркітендіру жұмыстарын көрді. Сонымен қатар демалыс аймағының тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз болуына, жасыл желекті күтіп-баптауға және тазалығын тұрақты қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажеттігі айтылды. Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы жаңа саябақтың тұрғындардың тынығуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ауылдың сәулеттік келбетін айшықтайтын, өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін маңызды орын екенін атап өтті.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау