Красная Поляна ауылында ауыл тұрғындарымен «Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару» тақырыбында жиын өтті. Кездесу барысында қатысушыларға жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметі, негізгі бағыттары, сондай-ақ тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі рөлі туралы ақпарат берілді. Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, елді мекенді дамыту және халық пен жергілікті басқару органдары арасындағы өзара іс-қимылға қатысты өзекті мәселелерді талқылады
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау