ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жуалы ауданы Көлтоған ауылдық №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері Көлтоған ауылы Жамбыл көшесінің тұрғындарымен кездесіп, шөп қораларындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шөптің тез тұтанатын материал екенін ескере отырып, оны дұрыс сақтау – өрттің алдын алудың маңызды талаптарының бірі. Тұрғындарға шөпті электр желілерінен, қазандықтардан және басқа да от көздерінен алыс орналастыру, қора маңында қоқыс пен құрғақ шөптің жиналуына жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар шөп қора маңында от жағуға, темекі шегуге және балалардың отпен ойнауына жол бермеу ескертілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1274816?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version