Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның жолын кесу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шалқар ауданы полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының әйелдерді қорғау инспекторы А. Бахытбекова Тоғыз ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, отбасы мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, тұрғындарға қиын жағдайға тап болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар берілді.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда өзара сыйластық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1274843?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау