«Заң және Тәртіп» бастамасын іске асыру аясында Павлодар қаласындағы №25 орта мектептің стадионында «Ertis Aula Fest» аула фестивалі өтті. Оған «Қаһарман» таэквондо мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.
Іс-шара барысында балалар арасында дене белсенділігін арттыруға, командалық рухты қалыптастыруға және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен, Павлодар қаласы әкімдігінің қолдауымен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық және қоғамдық құндылықтарды нығайту мақсатында өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1275243?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау