«Балдәурен» лагерінде «Заң және тәртіп – бақытты балалық шақтың кепілі» атты профилактикалық іс-шара өтті.
Іс-шараға Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және Білім басқармасының өкілдері қатысты. Бірлескен шара барысында балаларға қауіпсіздік мәдениетін, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған танымдық және спорттық бағдарлама ұсынылды.
ТЖД қызметкерлері балаларды арнайы техника және құрал-жабдықтармен таныстырып, олардың қолданылу мақсатын түсіндірді. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі айтылды. Адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін қарапайым, бірақ маңызды қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылды.
Балалар үшін спорттық эстафеталар да ұйымдастырылып, олар өздерінің ептілігі мен жылдамдығын көрсетіп, командалық жұмыс дағдыларын сынады. Тапсырмалар ойын түрінде ұйымдастырылып, балаларға ережелерді сақтаудың, өзара көмек пен әрбір әрекетке жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.
Кездесу спорттық шарамен ғана шектелмей, танымдық сипатта да өтті. Балалар қызмет өкілдерімен қызығушылықпен әңгімелесіп, олардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтаудың бала кезден қалыптасқан әдетке айналуы керектігін түсінді.
Мұндай іс-шаралар балаларға қоршаған ортаны жақсырақ түсінуге, мұқият әрі сақ болуға үйретеді. Ең бастысы – қауіпсіздік әрқайсымыздан басталатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1275428?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау