Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі,«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Atomic Industry Development Association (AIDA) ұлттық атом саласын дамытуға, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге және отандық кәсіпорындарды ірі инфрақұрылымдық жобаларға тартуға бағытталған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, ҚР ҰКП «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев және Atomic Industry Development Association басшысы Бақытжан Қадырбаев қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты – атом саласын дамыту, өнеркәсіптік кооперацияны нығайту және отандық бизнесті Қазақстан Республикасының стратегиялық жобаларын іске асыруға тарту мәселелері бойынша мемлекет, бизнес және салалық қоғамдастық арасында тұрақты әріптестік орнатып, өзара іс-қимылды үйлестіру.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – жергілікті орнықтыру деңгейін арттыру. Тараптар атом саласына арналған отандық өндірісті, инжиниринг пен сервистік қызметтерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық жеткізу тізбегін қалыптастыруға жәрдемдесуге уағдаласты.
Шағын, орта және ірі бизнесті атом және сабақтас салалардың жобаларына тартуға ерекше назар аударылды. Ынтымақтастық сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауды және ел ішінде технологиялық, өндірістік, сервистік және сараптамалық құзыреттерді дамытуды көздейді.
Бұдан бөлек, тараптар мемлекеттік органдар үшін бірлесіп талдамалық және сараптамалық ұсыныстар әзірлеуге, әдістемелік және талдамалық материалдармен алмасуға, сондай-ақ атом саласындағы заңнаманы және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге келісті.
Меморандумға қол қою мемлекет, кәсіпкерлік сектор және салалық қоғамдастықтың жүйелі өзара іс-қимылы үшін қосымша алаң қалыптастырады. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қазақстандық компаниялардың атом саласындағы жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, жергілікті орнықтыру деңгейін арттыруға және саланың технологиялық базасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1275381?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау