2026 жылғы 13-14 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник Шығыс Қазақстан облысына инспекциялық сапармен барып, Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысымен танысты, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын зерделеді.
Сапар аясында ол Өскемен және Риддер қалаларындағы сайлау учаскелерінде болып, мемлекеттік органдардың өкілдерімен, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен кездесті.
Сапардың бірінші күні Михаил Бортниктің төрағалығымен облыс басшылығының, прокуратураның, Ішкі істер органдарының, төтенше жағдайлар департаментінің, әлеуметтік қорғау саласының және өңірдің басқа да мемлекеттік органдарының өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында сайлауға дайындық және жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат ұсынылды.
ОСК мүшесі сайлау учаскелерінде сайлау процесінің барлық қатысушылары үшін қажетті жағдайлар жасауға және мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігіне ерекше назар аудара отырып, сайлау заңнамасының талаптарына қатаң сәйкестікте сайлау өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, ол дауыс беру күні отбасының науқас мүшесінің күтіміне байланысты денсаулық жағдайы бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын, сондай-ақ сайлау құқығы құрылмаған шалғай және қол жеткізу қиын аудандарда тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын толыққанды қамтамасыз ету мақсатында дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ, ол кеңеске қатысушылардың назарын жазғы кезеңде азаматтардың бір бөлігі демалыста екендігіне аударды және дауыс беру құқығына есептен шығару куәліктерін алу тәртібі туралы сайлаушылармен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Сапардың келесі күні жұмыс тобы №125, 129 және 131 Риддер қаласының сайлау учаскелеріне барды. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, комиссия мүшелерін оқыту, материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелеріндегі басымдық болып табылады. № 125 сайлау учаскесінің базасында учаскелік комиссия мүшелері үшін оқыту семинары өтті. Комиссия мүшелері тікелей учаскелерде кездесуі мүмкін практикалық-бағдарланған кейстер мен жағдайларға талдау жүргізілді. Семинар қорытындысы бойынша заңнаманы білу деңгейіне баға берілді. Тестілеу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қашықтықтан оқыту және тестілеу жүйесі негізінде өткізілді.
Инспекциялық сапардың қорытындысы бойынша Михаил Бортник сайлау комиссияларының кәсіби даярлығын тұрақты және жүйелі жетілдірудің, учаскелердің дайындығын қамтамасыз етудің және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Ол сайлауды ұйымдастырудың барлық кезеңдеріндегі негізгі басымдықтардың бірі заңнама талаптарын сақтау, сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процесінің ашықтығы болып табылатынын атап өтті.
Айта кетейік, өңірде 534 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оған 3 692 комиссия мүшесі жұмылдырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1274780?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау