САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «СПОРТ КҮНІ» МЕРЕКЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт саласының үздіктерін ұлықтау мақсатында «Спорт күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, спорт ардагерлері, сала қызметкерлері, жаттықтырушылар мен түрлі спорт түрлері бойынша ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылар қатысты.
Салтанатты іс- шара барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы спорт саласының ардагерлері мен қызметкерлерін, спортшыларды айтулы мерекемен құттықтап, ел спортының дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылықтарын білдірді.
Жиында спорт саласының дамуына елеулі үлес қосқан ардагер спортшыларға, сала қызметкерлері мен үздік спортшыларға аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының атынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Бүгінде Сарыағаш ауданының спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, аудан абыройын асқақтатып келеді. Жергілікті спортшылардың жетістіктері – жүйелі жұмыстың, білікті жаттықтырушылар еңбегінің және жастарға жасалып отырған қолдаудың нәтижесі.
Ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жалғасуда. Тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында ашық футбол алаңдары, спорт және workout алаңшалары салынып, ел игілігіне берілуде. Мұндай нысандар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануына және спортқа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1275454?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version