Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Д. Амрин Солтүстік Қазақстан облысындағы Alatau City Bank филиалының директоры Е. Лебедевамен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдау, жаңа кәсіпкерлік және инвестициялық жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ банктің «Іскер аймақ» бағдарламасын іске асыруға қатысу мәселелері талқыланды.
Қаржы ресурстарын тартуға, инвесторларды сүйемелдеуге және өңірдің негізгі даму институттары — «Qyzyljar» АЭА мен «Солтүстік» ӘКК-мен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Басқарма бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру, инвестициялар тарту және өңір экономикасының одан әрі өсуін қамтамасыз ету мақсатында қаржы институттарымен және даму институттарымен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1275389?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау