Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан аумағындағы су айдындарында демалушылар арасында шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Профилактикалық іс-шара барысында құтқарушылар азаматтарға тек арнайы белгіленген және жабдықталған орындарда шомылу, балаларды қараусыз қалдырмау, алкогольдік масаң күйде суға түспеу және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, су айдындарында демалу кезінде балалардың қауіпсіздігіне ересектердің жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Құтқарушылар тұрғындар мен қонақтарды қауіпсіздік талаптарын елемеуге жол бермей, судағы қарапайым ережелерді сақтауға шақырады.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1274824?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау