Таразда Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай мерекелік шара өтті.
Салтанатты іс-шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, қалалық мәслихат төрағасы Кенжебек Олжабай және сала ардагерлері мен жас спортшылар қатысты.
Шара барысында шаһар басшысы салауатты өмір салтын белсенді насихаттап, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тартуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа арнайы марапаттарды табыстады.
Атап айтқанда, Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас есепшісі Ғалымжан Сартаев, Волейболдан спорт шебері, бірінші санатты төреші Жания Тілеубаева, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Тараз қаласы №1 пробация қызметінің бөлім бастығы Алихан Хасенов, Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ғалымжан Жақыпов, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сағи Бейшенов қала әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды.
Сондай-ақ, шара аясында 2012-2014 жылдары туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан өткен қалалық ашық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Б.Момышұлы атындағы №45 гимназиясының командасы иеленсе, 2-орынды “Балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығы” спорт клубының, 3-орынды Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының командалары еншіледі.
Жалпы, 2026 жылғы 10-15 тамыз аралығында Спорт күніне орай қалада апталық ұйымдастырылып, оған 1 000-нан астам спортшы қатысты. Бұл шаһарда бұқаралық спорттың кең қанат жайып келе жатқанын көрсетеді.
Айта кетейік, бүгінде Тараз қаласында спорттың 66 түрі дамыған. Оның ішінде 27-сі – олимпиадалық, 28-і – олимпиадалық емес және 11-і – ұлттық спорт түрлері.
Сонымен қатар, Таразда азаматтарды жүйелі спортпен қамту көрсеткіші облыс орталығы тұрғындарының жалпы санының 45,4 пайызын құрайды. Яғни қазіргі таңда 209 027 адам спортпен тұрақты түрде шұғылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1275013?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау