ТЖМ құтқарушылары тауда адасып кеткен ер адамды тапты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысының Төлеби ауданында 1995 жылы туған ер адамның Қасқасу ауылынан шамамен 15 шақырым жерде орналасқан мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы таулы жерге аттанып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өздігінен төмен түсіп келе жатқан кезде ер адам аяғын қайырып алып, әрі қарай жүре алмаған. Құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ер адам табылып, таулы жерден қауіпсіз жерге түсірілді.

Оған медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ туристерге таулы жерлерде демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды, жер бедері мен ауа райы жағдайларын ескеруді, маршруттарды өздерінің дене дайындығына сәйкес таңдауды және таулы жерде қозғалу кезінде мұқият болуды ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1275432?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version